Facebook WhatsApp Instagram

Әлем

0

Климаттың өзгеруін зерттейтін жаңа құрылыс салынбақ

Климаттың өзгеруін зерттейтін жаңа құрылыс салынбақАмазонка өзенінің жағасындағы орманды жерде биіктігі 325 метр болатын Amazon Tall Tower мұнарасының құрылысы басталды, деп хабарлайды 24.kz. 
Зәулім құрылыс климаттың өзгеруін зерттеп, мониторинг жүргізуге арналады. Мұнара Бразилияның Манаус қаласынан 160 шақырым жерде орналаспақ. Оған орнатқан арнайы өлшеуіртер арқылы метеорологиялық мәліметтер мен ауаның ластануы жайлы ақпарат жинауға болады. Жобаға қатысқан неміс және бразилиялық ғалымдар бұл құрылыстың берген ақпараттары дәл болатынына кәміл сенімді. Осылайша атмосфераны одан әрі тереңдеп зерттеуге үлкен мүмкіншілік болады.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: