Жер астероидпен соқтығысуы мүмкін, - деп хабарлайды РИА Новости. Бұл жөнінде Тengrinews.kz жазды.
Америкалық астрофизик Нил Деграсс Тайсонның айтуынша, тоңазытқыш өлшемді астероид АҚШ президентінің сайлауына бір күн қалғанда Жерге тиіп кетуі мүмкін.
"2018 VP1 астероиды бізге сағатына 25 мың шақырымнан аса жылдамдықпен келе жатыр (сағатына 40 мың шақырым). Ол президенттік сайлауға бір күн қалғанда 2 қарашада Жерге тиіп кетуі мүмкін", - деп жазды ғалым Instagram желісіндегі парақшасында.
Еске салайық, тамызда NASA өкілдері 2018 VP астероидының 2 қарашада Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 21.33-те Жерге жақындайтынын хабарлаған болатын.