Facebook VK WhatsApp Instagram

Денсаулық

0

Аймақта эпидемиологиялық ахуал күрделі

Аймақта эпидемиологиялық ахуал күрделенуде.  Мәселен соңғы тәулікте 127 дерек анықталды. 
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова мәлімдеді. 
-Ауруға шалдыққандардың  ішінде жаңа туылған нәрестеден бастап еңкейген қарияға дейін бар. Мәселен жыл басынан бері 18 жасқа дейінгі балалар арасында 765 дерек тіркелсе, оның 211-і шілде айының 18 күнінде анықталды. Әсіресе бір жасқа толмаған нәрестелердің ауруханаға түсуі алаңдатып отыр. Бұған дейінгі штамм адамдарда симптомсыз түрде өтіп келген болса, үнді мутациясының клиникалық белгілері бірден байқалуда. Сол себепті карантиндік шараларды сақтаңыздар. Әрбір адамның денсаулығы өзінің қолында,-деді Әлия Мүтәліпқызы.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: