Facebook WhatsApp Instagram

Денсаулық

0

"Денсаулық керуені" жолға шығады

 

Үстіміздегі жылдың 26 наурызы-24 сәуірі аралығында облыстық медицина орталығы, Арал, Жаңақорған амбулаторлық-емханасы бар аудандық аурухананың жылжымалы медициналық кешендері шалғай елді мекен тұрғындарын медициналық тексеруден өткізу мақсатында «Денсаулық» Кереуенін жолға шығарады. 
Бұл шара Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы аясында, өткізіледі."Денсаулық керуені" бір ай бойын облыстың 26 елді мекенінде болады.
Облыстық денсаулық сақтау басқармсы баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл шара наурыз айынан қараша айына дейін кезең -кезеңімен жалғасады. Жылжымалы медициналық кешен өткен жылы облыстың барлық елді мекенін аралап шыққан. Биыл  да жыл соңына дейін аралап медициналық тексеру жүргізеді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: