Facebook WhatsApp Instagram

Денсаулық

0

Жылжымалы медициналық кешендер тұрғындар денсаулығын тексеруде

Қызылорда облысында жылжымалы медициналық кешендер шалғайдағы елдімекендерді аралап жүр. 9 айда 80 мың ауыл тұрғыны скринингтік тексеруден өткен. Білікті дәрігерлер бастаған көш бұл жолы Жалағаш ауданындағы Ақсу ауылына барды.


Заманауи медициналық құрылғылармен жабдықталған жылжымалы емханада терең диагностикалық тексеруден өтуге мүмкіндік бар. Осы сәтті көптен күткен ақсулықтар таңсәріден жиналып, дәрігерлерге қаралды. Елді мекенде түрлі созылмалы ауруға шалдыққан 328 адам диспансерлік есепте тұр.
Денсаулық сақшылары халыққа тиісті кеңес беріп, кейбіріне ем-дом алу үшін емдеу мекемелеріне жолдама ұсынды. Ұлт саулығын тіктеуге бағытталған бастама міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру қорының есебінен жүргізілуде.
- Біраз жылдан бері қан қысымым жоғары, жүрекпен есепте тұрамыз. Осы аурумен ауырғаныма 25-30 жылдай болды. Біздің ауылға келіп жатқанына мамандарға рақмет. Жақсы қарап, көңіл бөліп жатыр. Техникасы заманауи. Біз ауданға барғанша, бізді осылай тексеріп тұрса, жақсы еді, - дейді ауыл тұрғыны Досмұрат Қожағұлов
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: