Facebook WhatsApp Instagram

Денсаулық

0

ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖҮРЕК СОҒЫСЫН ТОҚТАТПАЙ АШЫҚ ОТА ЖАСАЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖҮРЕК СОҒЫСЫН ТОҚТАТПАЙ АШЫҚ ОТА ЖАСАЛДЫОблысымызда жүрекке жаңа ота түрі жасалды. Бұл жайында облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметіне сілтеме жасап Seykhuninfo.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Астана қаласындағы Ұлттық ғылыми орталықтың кардиохирургия бөлімінің меңгерушісі, медицина ғылымының кандидаты Темур Лесбеков және жоғары білікті реаниматор-анестезиолог Нұрлан Смағұловтардың көмегімен жүрек соғысын тоқтатпай, жүрекке ашық ота жасалды. Аталған ота облысымызда бірінші рет жасалуда. Облыстық медицина орталығының кардиохирургтары тікелей отаға қатысып, тәжірибе алмасты. Жыл басынан бері ашық жүрекке 20-дан астам ота жасалса, жаңа ота 4 науқасқа жасалып, білікті мамандар 15 науқасқа кеңес берді. 
Ендігі кезекте, заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған облыстық медицина орталығының кардиохирургтары аталған ота түрін өз күштерімен жасамақ.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: