Қызылорда қаласы аумағында орналасқан теміржол вокзалы мен автовокзалда дезинфекциялау жұмыстары жүргізіледі. Бұл жөнінде Қызылорда облыстық жұмылдыру басқармасы хабарлады.
«Құрметті қала тұрғындары, елімізде орын алып отырған коронавирус індетін алдын-алу мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің бұйрығына сәйкес, Қызылорда облысында орналасқан әскери бөлімдердің ұйымдастыруымен қала аумағында орналасқан теміржол вокзалы мен автовокзал аумағын 26 наурыз 2020 жылы, сағат 10.00-ден бастап дейін Қалада орналасқан басқа да қоғамдық орындарды дезинфекциялау жұмыстары "Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің" кестесіне сәйкес жүргізіледі. Осыған түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз», - делінген хабарламада.