Facebook WhatsApp Instagram

Денсаулық

0

БАС ДӘРІГЕР ТҰРҒЫНДАР АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ

БАС ДӘРІГЕР ТҰРҒЫНДАР АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ№6 қалалық емхананың бас дәрігері Әділбай Медетбаев емхана аймағына қарасты тұрғындардың алдында есеп берді, деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Есепті жиналыста 2015 жылдың қорытындысы айтылды. №6 қалалық емхана 61445 халыққа қызмет көрсетеді. Кездесуде бас дәрігер 2016 жылға қойылған мақсаттарды да атап өтті.
Қорытынды жиналыста тұрғындар тарапынан да сауалдар болды. Бектай Көшербаев коммунизм бөлімшесіне жаңа ғимарат берілетініне қуанышын білдіріп, бөлімшеде лабораториялық тексеру мен басқа да қосымша тексерулердің болуы жөніндегі тұрғындар өтінішін жеткізді. Тұрғын Сыздықова науқасына байланысты күндізгі стационарға неше рет жатуға болатыны жөнінде сұрақ қойды. Бас дәрігер тұрғындар сұрақтарына қанағаттанарлық жауап берді. Ардагер Сейтжаппар Смайлов жалпы тұрғындар атынан емхана ұжымына ризашалығын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: