Коронавирустың екінші толқыны балаларға қалай әсер етеді? Цой жауап берді
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирустың екінші толқыны балаларға қалай әсер ететінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Біз мұны бақылап отырмыз. Қазір ауырып жатқан балалар көп емес. Күн сайын бізде эпидемиологиялық мониторинг жүргізіледі. Осындай динамика жалғаса береді деп үміттенеміз", - деді Цой.
Айта кетейік, Еуропа елдерінде оқушылар арасында коронавирус инфекциясының өршуі байқалады.
Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустың жаңа толқыны туралы айтқан болатын. Ол көрші елдерде, әсіресе Еуропа аумағында, әрі ТМД-да ауру өсімі байқалатынын, сондықтан жағдайды бақылауда ұстау керек екенін түсіндірді.
"Біз көрсеткіштердің жақсы болуына қарамастан төсек-орын қорын құрып, дәрілерді сатып алып, жеке қорғаныс құралдары, маскамен қамтамасыз етіп жатырмыз. Біз коронавирустың екінші толқынына дайындалып жатырмыз. Ауру өсімінің 30 пайызы маска тағуға және әлеуметтік қашықты сақтауға байланысты екенін бірнеше рет айтқанбыз. Амал не, біздің тұрғындар маска тағып жүрген жоқ. Әсіресе, мұндай жағдайды адам көп жиналған орындардан байқауға болады. Біз осы талапты орындауға шақырымыз. Біз бұл толқынның болатынына және болмайтынына өзіміз әсер ете аламыз", - дейді Цой.