Қызылордада 26-шы қазаннан бастап кинотеатрлар ашылады деген бейресми ақпарат тарады. Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте облыстың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Әлия Әбдіқайымова бұны жоққа шығарды.
- Өңірдегі кинотеатрларды 26 қазаннан бастап ашу әлі жоспарда жоқ. Керісінше, коронавирус инфекциясын таратпас үшін шектеу шараларын жалғастырамыз. Барлығы эпид ахуалдың тұрақты болуына байланысты. Жағдайға байланысты Қаулы қабылдап отырамыз, - деді облыстың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері.