Жаңақорғандық кәсіпкер жылқы шаруашылығын дамытпақ
Жаңақорған ауданының тұрғыны Жанболат Жалғасбай жылқы шаруашылығын дамуда.
Жанболат Нұрғазыұлы "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ Қызылорда облысы филиалынан мал басын көбейту мақсатында 4 млн теңге көлемінде несие рәсімдеген. Жасы 37-60 ай аралығындағы 10 бас асыл тұқымды емес аналық жылқы сатып алып, өз кәсібін жүргізуде.
Несие келесі шарттармен берілді: өтеу мерзімі - 4 жыл, жылдық сыйақысы - 6 %, тиімді жылдық сыйақы мөлшері - 6,7 % аспайды.
"Еңбек" бағдарламасы аясында барлық өңірлерде несиелеу жалғасуда. Несие бағдарламалары туралы ақпарат пен облыс филиалдардың мекен-жайлары мен телефондарын fagri.kz сайтынан табуға болады.