Facebook WhatsApp Instagram

Экономика

0

2021 жылы облысқа 586 млрд. теңге инвестиция тарту жоспарлануда.

2021 жылы Қызылорда облысының экономикасына 586 млрд. теңге инвестиция тарту жоспарлануда.

Өткен жылы Қызылорда облысында өңір экономикасына инвестициялық салымдардың жоғары көлемін қамтамасыз еткен бірнеше ірі жобаларды іске асыру аяқталды: Арал және Қазалы аудандарында газ компрессорлық стансаларының құрылысы, Сарыарқа газ құбырының құрылысы, Жалағаш және Шиелі аудандарында күн электр стансаларының құрылысы.Бұл жобалардың үлесіне 2019 жылы өңірдің негізгі капиталына салынған инвестициялардың жалпы көлемінің 27%-дан астамы тиесілі болды.
Объективті себептер бойынша, 2020 жылы енгізілген шектеулерге байланысты жалпы экономикаға инвестициялар көлемі қысқарды, бұл құрылыс жұмыстары көлемінің төмендеуіне де әсер етті.
Бірақ, пандемия аймақтық экономиканы дамыту жоспарларын жоя алмады, тек оларға түзету енгізді. 2021 жылдың өзінде өңір экономикасына 586 млрд.теңге инвестиция тарту жоспарланып отыр.
Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары аясында 2021 жылы 63 млрд.теңгеге жуық іс-шараларды іске асыру жоспарлануда.
Индустрияландыру бағдарламасы аясында жалпы сомасы 52 млрд. теңгеге 7 индустриялық жоба іске асырылып,  670 жаңа жұмыс орны құрылады. Қуаттылығы жылына 197,1 мың тонна табақша шыны, жоғары қысымды шыны пластик желілік және сорғы-компрессорлық құбырлар, молибден үшокисін өндіру зауыттары іске қосылады, қуаттылығы жылына 1500 тонна құс етін өндіретін құс фабрикасы, "Аралтұз" АҚ-да ас тұзын өндіретін 3-испан цехы, түйе сүтінен құрғақ ұнтақ өндіру,  ірі қара малды 1200 басқа өсіру жөніндегі кешенді және сүт өңдеу зауытын кеңейту жөніндегі жобалар іске асырылады. 
Жалпы құны 328 млрд.теңгеден асатын 2 ірі жобаның: "Шалқия" қорғасын-мырыш кен орнында ТБК салу және кальцийленген сода шығару өндірісінің құрылысы басталады.
Мұнай өндіру саласын дамытуға 50 млрд.теңгеден астам қаржы салынады. Сонымен қатар, мұнай компаниялары тереңдігі 5 мың метрден асатын 23 ұңғыманы бұрғылауға 97 млрд.теңге бағыттауды жоспарлап отыр.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: