Facebook WhatsApp Instagram

Экономика

0

Қызылорда қаласында кәсіпкерлік өрістеп келеді

Қызылорда қаласында жыл басынан бері «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы шеңберінде құны 11,5 млрд.теңгені құрайтын 653 жобаға қаржы тартылған. 
Бұл бағытта серпін бар. Себебі, өткен жылы небәрі 41 жоба ғана қолдау тапқан. Ал, «Қарапайым заттар экономикасын дамыту» бағдарламасында жеңілдікпен несиелеуде 6 жобаға 937,0 млн.теңге берілген. Қазір екінші деңгейлі банктерге де нақтылы жобалардың құжаттары ұсынылып, несиелері мақұлдануда. 
Елді мекендерде және шағын қалаларда микробизнес ашу, ісін жаңа бастаған жас және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерліктің қызметін кеңейту үшін 60 азаматқа 515 393,0 мың теңге көлемінде несие берілді. «Бастау бизнес» жобасымен кәсіпкерлік негіздеріне 633 қызылордалық «Атамекен кәсіпкерлік палатасы» арқылы оқу курстарын аяқтап, 261-і мемлекеттік грантты алды. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: