Қызылорда қаласында тұратын жеке кәсіпкер Мөлдір Сүлейменова "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" Қызылорда филиалы арқылы 3 млн теңге көлемінде жеңілдетілген 6%-дық сыйақы мөлшерімен несие алды.
Несиеге арнайы кондитерлік жабдықтар сатып алды. Алдағы уақытта бұнымен тоқтап қалмай, кәсібін кеңейтетінін айтады.
Айта кетейік, «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры кәсіппен айналысамын дегендерге 5 жылға 6 процентпен 6 млн теңгеге дейін несие береді. Бір жылға дейінгі жеңілдік мерзімі тағы бар.