Facebook WhatsApp Instagram

Экономика

0

Басықара ауылында мал шаруашылығы өркендеп келеді

Қазалы ауданы Басықара ауылдық округінде мемлекеттік бағдарламалар арқылы 27,2 млн теңгені құрайтын 14 жоба қаржыландырылған. Олардың ішінде несие бойынша 20 млн теңгеге 1 жоба, грант бойынша 7,2 млн теңгеге 13 жоба ұсынылған. 
«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы «Адина» ШҚ мал шаруашылығын дамыту мақсатында 20 млн теңгеге қол жеткізген.
Жеке кәсіпкер Болат Далиев те Қор арқылы мал шаруашылығын дамыту мақсатында 10 млн теңгеге қол жеткізген. 
Бұл күні біз Басықара ауылына кіреберісте орналасқан, көлемі 30 сотық жерді алып жатқан мал бордақылау алаңында болдық. 
Жақын күнде пайдалануға берілетін 20 бас сиыр, 20 бас жылқыға арналған жаңа, жарық, жайлы, заманауи үлгіге лайықталған орыннан бір тұрғын қосымша жұмыс тапқан. Меншік иесі, мемлекеттік бағдарламамен 4 миллион теңгеге қол жеткізген Құдайберген Қаратаев қосымша баз, жем қоймасын салуды көздеген. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: