16-17 қаңтарда елімізде жылы ауа райы болады деп күтілуде. Бұл жөнінде Қазгидромет хабарлады.
Республиканың батысы мен солтүстігінде Жерорта теңізі циклонының ықпалымен ауа райы тұрақсыз болады. Кей жерлерде жауын-шашын: батыста қар мен жаңбыр түрінде, солтүстікте - қар, сондай-ақ кей жерлерде жаяу бұрқасынмен желдің күшеюі және ауа температурасының жоғарылауы күтіледі. Батыста кей жерлерде көктайғақ күтіледі. Қазақстанның қалған аумағында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде тұман күтіледі.