Жалағаш ауданының жас кәсіпкері Ернар Жақсымов мал шаруашылығын дамытуға мән беріп отыр.
Бұл мақсатта "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ Қызылорда филиалынан тиісті қаржыға қол жеткізді. "Мал шаруашылығын дамыту" бағдарламасы арқылы мал басын көбейту үшін несие алды. Оған 37-60 айлық жастағы жылқының асыл тұқымды 5 аналық басын сатып алды. Несие 6% сыйақысымен 5 жыл мерзімге несие тағайындалды.
Айта кетсек, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ Қызылорда филиалы мал шаруашылығын дамытамын деген ауылдық елді мекен кәсіпкерлеріне 78 айға 6 пайызбен, көп балалы және аз қамтылған отбасы мүшелеріне 4 пайызбен 4 млн теңгеге дейін жеңілдік мерзімі қарастыра отырып несие беріледі.