Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ОБЛЫСТЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА СЕГІЗ ДЕПУТАТ САЙЛАНДЫ

ОБЛЫСТЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА СЕГІЗ ДЕПУТАТ САЙЛАНДЫБүгін «Нұр Отан» партиясы Арал аудандық филиалының кезектен тыс ХХІІ конференциясы болып өтті. Көнференцияны аудан әкімі, аудандық партия филиалының төрағасы А.Мұхимов жүргізді. 
Күн тәртібінде «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының ауданда орындалуын талқылау және облыстық партия филиалының кезектен тыс ХХ конференциясына делегаттар сайлау мәселелері қаралды. Күн тәртібіне сәйкес «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының ауданда орындалуына байланысты аудан әкімінің орынбасары Р.Өтешовтың баяндамасы тыңдалып, аудандық Білім бөлімінің басшысы Б.Дабылов, аудандық Жұмыспен қамту орталығының директоры Ә.Жалғасбаев, аудандық Аурухананың дәрігері Ж.Жақсылықов баяндаманы талқылауға қатысты. Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша облыстық «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХХ конференциясына сегіз делегат сайланды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: