Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Жолдау-2021: Сапалы білім – жарқын болашақ негізі

Мемлекеттің интелектуалдық әлеуетінің өсуі, бәсекеге қабілетті болуы білім саласының сапалық деңгейіне тікелей байланысты. Бұл ретте  жоғары оқу орындарында бәсекеге қабілетті  маман даярлау ісі ерекше маңызға ие.
Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында "Болашақ" университетінің ғылыми-зерттеу институтының директоры, саяси ғылымдарының кандидаты, профессор Мұрат Насимов оқу орнындағы білім беру мен санитарлық талаптардың орындалу барысын баяндады. 
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезекті Жолдауында білім және ғылымға ерекше мән берілген. Жоғары деңгейдегі білімге қол жеткізу үшін оқу бағдарламалары үнемі назарға алынып, қайта қарастырылу процестері жүріп отыруы қажет делінді. Қазіргі таңда Жолдауда қойылған міндеттерге сәйкес, ғылым саласын гранттық қаржыландыру мерзімін бес жылға дейін ұзарту мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл ғылымдағы жақсы жаңалықтардың бірі болды.
«Ал "Болашақ" университеті білім сапасын арттыру мақсатында оқытушылар мен білім алушылардың тікелей көзқарастары негізінде білім бағдарламаларын құруда. Сонымен қатар ғылым саласы бойынша қазіргі таңда он бір бағыт бойынша жұмыстар атқарылуда. Соның бірі "Рухани жаңғыру: қоғамдық сана мен тәрбие сананы жаңғырту" пәндері енгізілді», -  деді Мұрат Өрленбайұлы. 
Одан әрі Мұрат Өрленбайұлы университтегі санитарлық талаптардың орындалу барысына тоқталып «Жаңа оқу жылында  "Болашақ" университетінің барлық оқытушылары мен студенттері індетке қарсы екпе алды. Қазір университетте дәстүрлі форматта оқу процесі жүріп жатыр. Сондай-ақ, ғимараттарға "Ашық" бағдарламасы енгізіліп, сол арқылы кіргізілуде. Жалпы айтқанда біздің университте санитарлық талаптар сақталуда",- деді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: