Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚАЗАЛЫДА ФИЗИКА-МАТЕМАТИКАЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ СЫНЫПТАР КӨБЕЙДІ

ҚАЗАЛЫДА ФИЗИКА-МАТЕМАТИКАЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ СЫНЫПТАР КӨБЕЙДІҚазалыда мемлекеттік бағдарламаға сәйкес физика-математикалық бағытта оқытатын сыныптар мен мектептер желісін ұлғайту, оқушыларды бейімдеу жұмыстары атқарылуда.
Бұдан бөлек, №16, №266 мектеп-лицейлеріне Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту тәжірибесін енгізу мақсатында мектеп басшылары мен ұстаздары біліктілікті арттыру курстарынан өткізілді. Қазіргі таңда аудан мектептерінде бастауыштың 1-3 сыныптар аралығында түгелімен ағылшын тілі оқытылса, 4 сыныптарда ағылшын тілі факультативтік курс түрінде оқушыларға дәріс беріліп келеді. Алдағы уақытта мектеп-лицейлер мен гимназияларда әрбір сабақты үш тілде оқыту үшін тәжірибе ретінде енгізу жұмыстары жүргізілуде. Үш тілде білім беру мақсатында мектеп-лицейлер мен гимназия мұғалімдеріне ағылшын тілі пәнін үйрету сабақтары «тьюторлардың» дәрістері арқылы өткізіліп жатыр.
Жалпы аудан бойынша жалпы білім беретін 36 (33 орта, 3 негізгі) мектеп, оның ішінде 3 мектеп-лицей, 1 гимназия жұмыс жасайды. Оқыту тілі бойынша 34 қазақ тілінде, 2 аралас тілде оқытатын мектеп бар.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: