Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Жергілікті өнім сұранысқа ие

Қызылорда қаласындағы «Еңбек» мемлекеттік бағдараламасынан қолдау тапқан кәсіпкерлік нысанның бірі – «Орда Инвест» ЖК. Бұл кәсіпкерлік нысан 2013 жылдан бастап құрылысқа қажетті әк және пескоблок өнімдерін шығарумен айналысады.
Кәсібін кеңейту мақсатында кәсіпкер Азамат Жанақұлов 2019 жылы «Әк, пескоблок өндіру» жобасын ұсынып, «Нәтижелі жұмыспен қамту жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасымен «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы» арқылы 8,3 млн.теңге қаражат алған.
Цехта күніне 3-5 тонна көлемінде әк, 1000-1200 дана пескоблок өндіріледі. «Алдағы уақытта әк өнімін көбейтуді және пескоблок өнімін шығаратын тағы 2 құрылғы сатып алуды жоспарлаудамыз», – дейді «Орда Инвест» ЖК басшысының орынбасары Азамат Жанақұлов.
Бүгінде 13 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.
Айта кету керек, шаһарда биылғы жылдың өзінде «Еңбек» мемлекеттік бағдараламасы бойынша «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы арқылы жалпы құны 207 млн. 540 мың теңгені құрайтын 23 жоба қаржыландырылды.Бұдан бөлек, «Бизнестің жол картасы 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында бүгінгі таңда жалпы құны 6,2 млрд. теңгені құрайтын 357 жоба қолдау тапқан.
«Қарапайым заттар экономикасын дамыту» бағдарламасы бойынша басымдық берілген жобаларды жеңілдікпен несиелеу бағдарламасы іске асырылған мерзімнен бері қала бойынша жоба құны 17,0 млн теңгені құрайтын 1 жоба қаржыландырылса, екінші деңгейлі банктерде 640,0 млн.теңгені құрайтын 3 жобаның құжаттары әзірленуде.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: