Бүгінде Қызылорда облысында ахуал тұрақты. Террористік актіге қарсы операция жұмысы әлі де жалғасып жатыр. 5 қаңтардан бүгінге дейін 391 азамат полиция органдарына жеткізілді. Ал, 62 азамат уақытша қамау изоляторына қамалды. Төтенше режим талабын бұзған 82 адам анықталды.
Блок-бекеттерден тәртіп бұзғандар жоқ.
Жансақтау бөлімінде жатқан азаматтар стационарға ауысуда. 5 қаңтардан бері 204 азамат медициналық көмекке жүгінсе, солардың 48-ы емханада ем алса, 9-ы жансақтау бөлімінде жатыр.
«Барша Сыр елінің азаматтарынан тәртіпті сақтап, үйде болуға шақырамыз. Аса қажет жағдайда жеке куәліктеріңізбен шығуларыңызды сұраймын. Қиын кезеңнен бірлікпен шығайық», - деп мәлім етті Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі