Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордалық полицейлер жаппай төбелестің алдын алды

Қызылордалық полицейлер шұғыл түрде төбелесті тоқтатты. Полицияға 18 азамат  жеткізілді.


Әлеуметтік желіге  қала аумағында көшелердің бірінде орын алған төбелестің бейнежазбасы жарияланған. Аталған дерек бойынша шұғыл түрде оқиға орнына жеткен полиция нарядтарымен және жедел –тергеу тобымен төбелес тоқтатылды. Оқиға орнынан 18  азамат ұсталып, Полиция басқармасына жеткізілді. Полицейлердің жедел ден қою шараларының нәтижесінде зардап шеккендер жоқ.  Оқиға бойынша полицияға арыз – шағым түскен жоқ.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп – тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК 293-бабының 2-бөлігімен қылмыстық іс тіркеліп, тергеу әрекеттері басталды.
Облыс, қала аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында патрульдік полиция мен учаскелік полиция қызметкерлерінің нарядтары күшейтіліп, профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Облыс, қала аумағында криминогендік ахуал тұрақты.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: