Сырдария аудандық сотының мәжіліс залында, Қызылорда облыстық ІІД-нен келіп түскен, Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 517 бабының 2 бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылыққа тартылған 32 Қытай Халық Республикасы азаматтарының әкімшілік істері қаралды.
Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушылар Қытай Халық Республикасы азаматтары, шетелдіктің тіркеу кезінде көрсетілген мекен-жайда тұрмағандарын, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны жөніндегі заңнамасын бұзғандарын, 17.10.2014 жылы «іс-сапар» мақсатында ЖШС-не келіп, тиісті органдарда 2015 жылдың 29 маусымына дейін Қызылорда қаласы, Мұратбаев көшесінде уақытша тіркеуге тұрғандарымен, 2015 жылдың 27 қаңтарында Қызылорда облысы, Құмкөл мұнай кешені, Айдан мұнай қалашығында тұрып жатқан жерлерінде полиция қызметкерлеріне ұсталған.
Қытай Халық Республикасы азаматтары Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 517 бабының 2 бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағандары үшін кінәлі деп танылып, он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 29 730 теңге әкімшілік айыппұл салынды.