Қызылорда белгісіз заттан уланған 2 адам қайтыс болды
3 ақпанда Қызылорда облысында «Саутс-ойл» ЖШС-нің қосалқы мердігері «Казспекторстрой» ЖШС-нің екі қызметкері қаза болды.
Аталаған дерек бойынша ҚР ҚК 304 бабымен (Санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу) СДТБТ-не қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері басталды.
Тиісті сапартамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайларын анықтауға бағытталған кешенді тексеру жұмыстары жүргізілуде. Алдын ала мәліметтерге сәйкес марқұмдар «белгісіз заттан улану салдарынан туындаған жүрек жетіспеушілігі» салдарынан қайтыс болған.