Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Арал ауданында ауыл шаруашылығын дамытудың жол картасы бекітілді

Айдынды Арал өңірінде ауыл шаруашылығы саласын дамытудың 2022-2024 жылдарға арналған жол картасы бекітілді. Осының негізінде мал шаруашылығы, балық шаруашылығы, егін шаруашылығын дамыту бойынша 30 жоба жүзеге асырылды. Сонымен қатар 2024 жылға дейін ауданда 3000 гектарға егін көлемін ұлғайту жоспарлануда.


Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Арал ауданының әкімі Серік Сермағамбетов хабарлады.
«Былтыр аралдық еңбеккерлердің тынымсыз тіршілігінің арқасында ауданымыз «Мал және балық шаруашылығын дамыту» бойынша үздік аудан атанды. Бұл көрсеткішті одан әрі дамыту мақсатында өткен жылы ауыл шаруашылығын дамытудың жол картасын бекіттік. Осыған сәйкес, бірінші кезекте жайылымдық, шабындық және суармалы егістік жерлерді суландыру мәселесін алға қойдық. Осы бағытта 13 су ұңғымасы қазылып, 10 канал тазартылды. Екіншіден, егін шаруашылығын дамыту қолға алынды. Үшінші бағыт Қамыстыбас және Ақшатау көлдер жүйесін ретке келтіру үшін дарияның «Бұрмақұлақ» учаскесін бөгеп, «Аспай» суағытқысын іске қостық. Бұл жұмыстар осы екі көлді толтыруға септігін тигізіп, балық аулап, нәпақасын тауып отырған тұрғындар үшін үлкен жемісті жоба болды. Ауданымызда мал шаруашылығы тұрақты дамуда. Қазіргі таңда 53,6 мың бас мүйізді ірі қара, 83,7 мың бас қой мен ешкі, 49,3 мың бас жылқы, 33,3 мың бас түйе және 4 мыңға жуық құс бар. Сәйкесінше, жыл көлемінде ет өндіру 102,4 пайызға, сүт өнімі 102,6 пайызға, жұмыртқа 102,0 пайызға өндірілді, - деді аудан әкімі Серік Сағитжанұлы.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: