Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

«Бала – жаяу жүргінші» акциясын өткізілді

«Бала – жаяу жүргінші» акциясын өткізілдіҚазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бастамасымен  Қызылорда облысы ішкі істер департаментінде «Назар аударыңыз, жаяу жүргінші!» атты кең ауқымды 3 кезеңнен тұратын жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу жоспарланған болатын. Аталған іс-шараның І кезеңі бойынша 4-10 мамыры аралығында БҰҰ-ның Жол жүрісі қауіпсіздігінің үшінші жаҺандық аптасы шеңберінде «Бала – жаяу жүргінші» акциясын өткізу белгіленді.
Қызылорда облыстық ішкі істер басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, шараның басты мақсаты – жаяу жүргіншілердің құқықтық сауаттылығын арттырып, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауын ескерту, жол-көлік жарақаттануының алдын алу, жолын кесу болып табылады.
 Осыған орай, аталған шараның маңыздылығы мен ауқымдылығын ескере отырып, жергілікті атқарушы органдармен, денсаулық сақтау, білім беру орындары және БАҚ өкілдерімен бірлескен түрде бірқатар ұйымдастырушылық шаралар атқарылуда. 
Атап айтқанда, азаматтарды кездейсоқ қаперлерден сақтау, өмірі мен денсаулықтарына зиян келтіруді болдырмау мақсатында дауыс ұлғайтқыш құралдарын пайдалана отырып, азаматтар көп шоғырланатын жерлерде жол қозғалысы қауіпсіздігін қатаң сақтаулары жөнінде патрульдік автокөліктермен күнделікті үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде. 
Іс-шара аясында облыстық әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері облыс орталығындағы жалпы білім беретін мектептерде оқушылармен кездесу жиындар өткізді. Жасөспірімдер кінәсінен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, балалар жол-көлік жарақатын ескерту мақсатында сынып оқушыларына жолда жүру тәртібін сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары  жүргізіліп, №101 орта мектебінің 6-сынып оқушылары арасында «Қауіпсіздік селфиі» атты шара өткізілді. Шара барысында оқушылар арнайы берілген парақшаларға суреттер салып, шығармалар жазды және естелікке фотосуретке түсіп, халықты жол ережесін сақтауға шақырды. Аталған шара осы бағытта қала орталығындағы басқа мектептерде де жалғасын табатын болады. 
Сонымен қатар, іс-шара барысында ағымдағы жылдың 10 мамырында облыс орталығындағы мектептер мен мектепке дейінгі мекемелерінде және Облыстық медициналық орталығының «Балалар хирургиясы» бөлімшісінде жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен және тұрмыстық жарақаттар алған жасөспірімдер мен ата-аналарына жолда жүру ережесі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, үнпарақтар таратылды. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: