Биылғы жылы жалпы құны 360 миллиард теңгені құрайтын «Бейнеу-Базой-Шымкент» газ құбырының құрылысы және «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» магистральді көлік дәлізінің біздің аймақтағы құрылысы аяқталмақ. Бұл құрылыс нысандарында 6 мың адам жұмыспен қамтылған болатын.
Ж.Жылқышиеваның айтуынша жақында Қызылорда облысында министрліктің 2014-2015 жылдарға арналған «Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы» бағдарламасы бекітілген.«Аймақтағы жұмыссыздықтың алдын алу мақсатында 2017 жылға дейін 7800 жаңа жұмыс орнын ашу үшін қосымша 3 млрд теңге қаржы қаралған. «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасының жүзеге асырылуына 7,2 милрд теңге бөлінген, тең жартысын жастар құрайтын бағдарламаға қатысушылар саны 7900 адамды құрады», - дейді басқарма басшысы.