ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің Қызылорда облысында діндар әйелдер арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстары бойынша семинар және әртүрлі форматтағы іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу арнайы жобасы аясында 2023 жылдың 2-6 қазан аралығында дін мәселелері бойынша Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері қоғамда дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру және діни экстремизмнің алдын алу бағытында семинарлар мен әртүрлі форматтағы іс-шаралар өткізді.
Іс-жоспар аясында РАТТ мүшелері Астана қаласы «Діндерді зерттеу орталығы» ЖШС маманы А.Бейсембі, Нұр-Мүбарак ЕИМУ Философия кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты А.Рыскиева, Ұлытау облысы, «Діндерді зерттеу орталығы» КММ директоры Ж.Қанапия, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Қызылорда облысы бойынша филиалының доценті, психология ғылымдарының кандидаты А.Аяғанова, ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының құрметті профессоры, ҰҚК отставкадағы подполковнигі, психология маманы, сарапшы Л.Шакимова Қызылорда қаласында, Шиелі және Сырдария аудандарында студент қыздармен, әйел ұстаздармен, жазасын өтеушілермен, түрлі еңбек ұжымдарындағы әйел қызметкерлермен «Қазіргі қазақ қоғамындағы қыз баланың рөлі», «Жастар арасында рухани құндылықтарды түсіндіру және діни сауаттылықты арттыру», «Зайырлы мемлекеттің сипаттары және қоғамдағы қыз баланың рөлі» т.б. тақырыптар аясында кездесулер мен семинарлар өткізді.