Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Ұялы телефон ұрлығынан қалай сақтануға болады?

Елімізде қазір ұрлық қылмысының ішінде ұялы телефон ұрлығы көп тараған. Бұл тұрғындарға елеулі зиянын тигізеді. Одан сақтану жолы қандай? Аталған тақырыпқа байланысты Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Ілияс Жұмағұловтың кеңесіне назар аудардыңыз.


Оңай жолмен ақша табуды көздеген азаматтар ұрлауға да, сатуға да оңай қалта телефондарын жымқыруды әдетке айналдырған. Олар өз ойын адам көп шоғырланған орындарда, сауда үйлері мен қоғамдық көліктерде жүзеге асырады.
«Ұялы гаджетті қоңырау шалуға сұрап, ашықтан-ашық алып кететін жағдайлар да тіркелуде. Бейтаныс адамдарға ұялы телефонды ұсынудан аулақ болыңыздар. Және смартфонға құпия код орнатып, киіміңіздің алдыңғы қалтасында сақтаңыз. Егер аталған қылмыстың құрбаны болған жағдайда, мүлкіңізді қайтару үшін төмендегі әрекеттерді жасаңыз. Телефон ұрлығы туралы, полиция бөлімшесіне хабарлаңыз. Мүліктің сізге тиесілі екенін растайтын құжаттар мен чекті, кепілдік талоны мен телефон қорабын алуды ұмытпаңыз. Жеке IMEI кодыңызды есте сақтаңыз. Оны телефондағы құжаттардан білуге болады. Осы код арқылы полиция ұрланған смартфонды іздейді. Ұялы байланыс операторына ұрлық туралы хабарлап, нөміріңізді бұғаттаңыз», — деді Ілияс Жұмағұлов.
Полиция маманы банк қызметкерлерімен байланысып, картаңызды құлыптау қажеттігін айтады. Оған қоса поштаңыз бен әлеуметтік парақшалардың құпия сөзін ауыстырған абзал.
«Қолданған ұялы телефондарды сату бойынша жақын маңдағы дүңгіршектерді шолып шығыңыз. Әдетте, тәжірибесі аз ұрылар телефоннан тезірек құтылудың амалын іздейді. Аталған қылмыстың алдын алу үшін, сақтық шараларын бұлжытпай орындап, қырағы болғандарыңыз дұрыс», — деп толықтырды Ілияс Жұмағұлов.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: