Референдумда ерте келіп дауыс бергендер қатары басым
Бүгін әдеттегі жексенбі емес. Ел үшін маңызды саяси науқан - республикалық референдум өтуде.
Таңмен таласа келген азаматтардың қатары көп. Олар ел үшін таңдау жасау, маңызды күнге атсалысуда.
Референдум күні облыс бойынша 492 380 азамат дауыс беруге құқылы.
Аймақта азаматтардың учаскесін анықтауға арналған 179 онлайн сервис жұмыс істейді. Барлығында «егов» арнайы сервистері қамтылған.
Дауыс беру күні азаматтарды уақытша тіркеу қызметімен айналысатын 5 онлайн учаске жұмыс істейді. Олар №198 РУ - №5 мектеп-лицей №250 РУ - №261 орта мектеп, №189 РУ - №136 мектеп-лицей, №264 РУ - №264 мектеп-лицей, №347 РУ - №271 орта мектеп.