Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

АРАЛДА КӘСІПКЕР ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТҚА ИЕ БОЛДЫ

АРАЛДА КӘСІПКЕР ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТҚА ИЕ БОЛДЫ«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында бизнес жүргізуге қайтарымсыз грантқа ие болған старт-апперлердің есімдері белгілі болды.
Гранттық қаржыландыру Конкурсының қорытындысы бойынша ұсынылған 33 жобаның арасында 7 жоба қаржыландыруға қолдау тапты. Осы жобалардың бірі Арал ауданының тұрғыны бастауыш кәсіпкер Нұрбек Сексенбаевтың ара шаруашылығы мен бал өндірісіне жасаған жобасы Гранттық қаржыландыру конкурсында үздіктердің қатарынан табылып, жеке кәсіпкердің инновациялық жобасын жүзеге асырыуына 1 млн.теңге берілетін болды. 
Нұрбек Маратұлы Қызылорда облысының Кәсіпкерлер палатасының Арал ауданындағы филиалына грантқа қатысу тәртібі мен талаптары бойынша бірнеше мәрте кеңестер алған. Қызылорда облысының Кәсіпкерлер палатасының Арал ауданындағы филиалының кеңесшісі А.Зарлыкова тарапынан аталған жобаға бизнес жоспар жасауға жәрдем беріліп, кәсіпкерлер палатасында өткізілетін «Бизнес-Кеңесші» оқу курысынан сертификат алуға көмек көрсетілген.
Енді Инновациялық жобаларың жүзеге асуы аясында ауданымызда жаңадан 2 жұмыс орны ашылатын болады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: