Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қазалыда сең жүруге дайындық пысықталды

Қазалыда сең жүруге дайындық пысықталдыҚазіргі таңда Қазалы ауданының территориясы 3759706 гектар жерді құрайды. Оның ішінде, ауылшаруашылық жерлерінің үлесі 7,1пайыз, яғни (267581,4 га). 2014 жылы ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерге түгендеу жұмыстарын жүргізу үшін құрылған комиссия мүшелері жер учаскелерін нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбай отырған 52 жеке және заңды тұлғалардың 66499 гектар жер учаскесін анықтаған. 
"Бұл мәселе аудан әкімдігінде өткізілген бүгінгі әкімдік мәжілісінде қаралды" деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз хатшысы Балгул Мәмен. Аудандағы жер қатынастарының жағдайы және жылдық жер есебінің орындалуы туралы хабарлама жасаған аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Ардақ Жанұзақ Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің 2012-2014 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарына сәйкес,жұмысшы топ құрылып, далалық түгендеу жұмыстарын жүргізіліп жатқандығын хабарлады. Өткен жылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін мүлдем пайдаланбаған 22 жеке және заңды тұлғалардың көлемі 19 802,0 гектар жерлері мемлекет меншігіне қайтарылған. 
Жер реформасы басталғаннан бері жер сатудан түсетін түсімдер бойынша барлығы 187,3 миллион теңге қаржы түскен, оның ішінде жыл басынан бастап өткізілген 14 аукционның қорытындысымен 2014 жылы 39,6 миллион теңге жергілікті бюджетке енгізілген. 2014 жылғы  аудандық бюджетке кіріс түсірудің  жоспары 31,0 миллион болса, орындалуы 128 %-ға  артық орындаған.
Күн тәртібіндегі екінші мәселеСырдария өзенінің көктемгі сең жүру кезін қауіпсіз өткізуге дайындық жұмыстары туралы Қазалы ауданының төтенше жағдайлар бөлімі бастығының міндетін атқарушы Алтынбек Қалиев хабарлама жасады. Қазалы ауданы бойынша дария бойының қорғаныс бөгеттерінің ұзындығы 166,9 шақырым, оның 96,40 шақырымы оң жағалауда, 70,5 шақырымы сол жағалауда орналасқан. Жалпы, дария бойының қорғаныс бөгеттері 400 м³/сек. суға төтеп беруге қабілеті бар. Судың көлемі мұнан жоғары көтерілген кезде аудандағы каналдар арқылы көлдер мен шабындықтарға барлығы 88 м³/ссу алуға ғана мүмкіндік бар болып шықты.  Сондықтан, Қазалы су торабына жоғарыдан келетін судың көлемі  500 м³/сек аспауы керек.
Су тасқыны кезінде төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мақсатында 30 жасақ, 230 адам 74 әртүрлі техника күштері мен 12 жиналу және 15 қабылдау эвакуациялық пункттері дайындыққа келтірілген.
Мәжіліс соңында аудан әкімі Бахыт Жаханов жер қатынастары мәселесін реттеуді одан әрі жандандыруды және су тасқынының алдын алу мақсатында  дайындық шараларын күшейтуді тапсырды.


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: