БАЯН ЕСЕНТАЕВАНЫ ӨЛІМНЕН ОНЫҢ ҚЫЗЫ АЙСӘУЛЕ ҚҰТҚАРЫП ҚАЛҒАН
Қазақстандық продюсер Баян Есентаеваны өлімнен оның қызы Айсәуле аман алып қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Талғар аудандық сотында Есентаева мен оның күйеуінің арасында болған жағдайдың жай-жапсары айтылды.
Іс материалдарына қарағанда, Бақытбек Есентаев туысымен бірге өзінің әйелі Баян Есентаеваны әуежайдан күтіп алып, Алматы облысына жолға шыққан, "Алматы-Көкпек-Көктал" күре жолында олардың арасында қызғаныштан жанжал пайда болған, кейін ол әйеліне үш жерінен пышақ салған. Жанжал орнына Баянның қызы Айсәуле келіп қалған, сөйтіп, ол әкесін тоқтатып, анасын өлімнен арашалап алған. Сотта күдікті Бақытбек Есентаевтың пышақты қасақана алып шыққаны белгілі болды. Айта кетейік, ол істе уақытша жұмыссыз ретінде көрсетілген.
Айта кетейік, күдіктінің адвокаты Ермұрат Мұқанов пен Бекболат Жансейітов. Прокурор болса Ержан Сағымбеков, істі судья Ілияс Мұхадиұлы қарап жатыр. Іс қазақ тілінде ашық тәртіпте өтіп жатыр.
Талғар ауданында ұсталған Бақытбек Есентаевқа "Кісі өлтіруге оқталу" бойынша айып тағылды. Ол екі айға қамауға алынды.