Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІЖақында Арал қаласындағы №83 орта мектебінде облыстық мәслихатының №2 «Алтықұдық» сайлау округінен сайланған депутаты К.Бедер және аудандық мәслихатың хатшысы Д.Мадинов тұрғындар мен мектеп ұжымы алдында есеп берді.
Алғашқы сөз кезегін алған аудандық мәслихат хатшысы Д.Мадинов көпшілікке облыстық және аудандық депуттатардың ықпалымен атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті.
Атап айтқанда, Сексеуіл-Арал аралығындағы 5 км жолдың жөнделуіне, «Сартай» балабақшасының алдыңғы кіреберіс көшесінің асфальтталуы, С.Сейфуллин көшесін асфальттап, абаттандыру жұмыстарының жүргізілгендігі сынды бірқатар игілікті істерге қол жеткізілген. 
Кездесу барысында өз сайлауалды бағдарламасы негізінде баяндама жасаған облыстық мәслихат депутаты К.Бердер де атқарылған шараларға тоқталып, алдағы мақсат-міндеттерімен бөлісті.
Халық қалаулылары, жиынға қатысушылардың қойған бірқатар сұрақтарына жауап беріп, шешімін таппай жүрген кейбір мәселелерге жазбаша жауап беретіндігін жеткізді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: