Қызылорда қаласында білім беру нысандарының саны да жыл санап еселеп артып келеді.
Биылғы жылы, Тасбөгет кентінен 140 орындық жаңа балабақшаның құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі. Құны 527 млн. теңге болатын балабақшада заманауи талаптарға сай жедел саты (лифт) қарастырылған және барлық бөлмелеріне жылы едендер орнатылған.
Мұнан бөлек, Жаппасбай батыр көшесіндегі жаңа тұрғын ауданда 600 орындық мектептің құрылысы жүргізілуде.
Жобаның жалпы құны 974,4 млн. теңгені құраса, мердігер мекеме «Ария-Жаңа Астана» ЖШС-і құрылыстың алғашқы кезеңіне бөлінген 160 млн. теңгені толық игерген.
Қала тұрғындарының сұранысына сәйкес, "Саяхат" мөлтек ауданынан 300 орындық мектеп, №261 орта мектептің жанынан қосымша 150 орындық ғимарат, Қызылорда-Жезқазған трассасы бойынан 600 орындық мектеп құрылыстарын жүргізу үшін жобалық сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды.
СПМК және Арай-3 мөлтек аудандарынан 600 орындық, Сырдария өзенінің сол жағалауы мен Қызылжарма ауылдық округінен 900 орындық мектеп құрылысын жүргізу мақсатында жобалық сметалық құжаттары әзірленуде.