Қоғамның тұрақты дамуы мен мемлекеттің бәсекеге қабілетті болуы адам капиталының сапасына тікелей байланысты. Ал оның негізін сапалы білім, ғылым, кәсіби біліктілік және заманауи технологияларды меңгеру құрайды.
Конституцияда білім мен ғылымды дамыту, инновацияларды қолдау және адам әлеуетін арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттары ретінде көрініс тапқан. Бұл – елдің болашағын қалыптастыруда білімді әрі ізденімпаз ұрпаққа басымдық берілетінін көрсетеді.
Қазіргі кезеңде цифрландыру, жасанды интеллект, ақпараттық технологиялар мен жаңа өндіріс салалары экономиканың даму қарқынын айқындап отыр. Сондықтан жастардың IT саласындағы білімін жетілдіру, техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту, ғылыми зерттеулерге жағдай жасау ерекше маңызға ие.
Әсіресе өңірлерде сұранысқа ие мамандар даярлау, жастар кәсіпкерлігін қолдау және жаңа технологияларды өндіріс орындарына енгізу – экономикалық өсудің маңызды тетіктері.
Конституцияның даму бағдарындағы басты мақсаттардың бірі – әр азаматтың білім алуына, қабілетін шыңдауына және қоғамға пайдалы еңбек етуіне мүмкіндік беретін жағдай қалыптастыру.
Білімге салынған инвестиция – елдің ертеңіне салынған инвестиция.