Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордалық теннисшілер жүлделі оралды

Қызылордалық теннисшілер жүлделі оралдыОңтүстік Қазақстан облысының орталығы – Шымкент қаласында теннистен 8-10 жастағы 80-ге жуық ұлдар мен қыздар қатысқан  республикалық турнир аяқталды.  
Аталмыш жарыста ұлдар арасында  шеберлік байқасқан жерлесіміз Жақас Қозбақ жеңіс тұғырына көтерілді. Ол бес кездесу өткізіп, бесеуінде де қарсыластарынан басым түсті. Жақас осымен екінші мәрте республикалық турнирдің жеңімпазы атанды. Сондай-ақ, «Жеңіске деген ынтасы үшін» номинациясымен Урсула Рахмет пен Диана Төлешова  марапатталды. 
«Нұрсәт» теннис орталығында тәлім алатын спортшыларды жарысқа   –  Рүстем Әбдиев, Нұрлан Жұрымбетов және Дмитрий Денисеня дайындады. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: