Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Аналар кеңесі семинар өткізді

Аналар кеңесі семинар өткіздіҚорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында Қазақстан халқы Қызылорда облыстық ассамблеясы хатшылығының ұйымдастыруымен облыстық ассамблея жанындағы Аналар кеңесінің мәселелеріне арналған облыстық семинар болып өтті. Семинарға Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының сектор меңгерушісі Назипа Ыдырысқызы Шанаи, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің мүшелері қатысты.
Сонымен бірге, семинарға «Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары, аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары, аудандық, қалалық ішкі саясат бөлімдерінің басшылары, облыстық Аналар кеңесінің мүшелері, этномәдени бірлестік жетекшілері, толеранттылық клубтарын құрған мектептердің директорлары, үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты. 
Семинарды облыс әкімінің орынбасары Р.Кенжеханұлы ашып, аймақта этносаралық татулық пен қоғамдық келісімді сақтауға бағытталған игі істер, Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының хатшылығының атқарып отырған жұмыстарына қысқаша тоқталып, семинарға сәттілік тіледі. 
Жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру, оларды отансүйгіштікке, қазақстандық патриотизмге, толеранттылыққа тәрбиелеуде аналардың алар орны ерекше. Осы ретте, ассамблея жанынан құрылған Аналар кеңестері айтарлықтай роль атқаруда.
Облыстық ассамблея жанындағы Аналар кеңесінің құрамында этномәдени бірлестік, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, мемлекеттік қызметшілер және зейнеткер аналар бар. 
Бұдан соң ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының сектор меңгерушісі Назипа Ыдырысқызы Шанаи семинарға қатысушыларға арнайы лекция оқыды. 
Ардагер ұстаз Т.Сейітжанова, облыстық ассамблея жанындағы аналар кеңесі төрайымының орынбасары Н.Мусаева, облыстық ассмблея төрағасының орынбасары, корей этномәдени бірлестігінің төрайымы Е.Ким, «Ақтоған» ауылдық округінің әйелдер кеңесінің төрайымы, көпбалалы ана Б.Нәлібаева, «Күнекей» балабақшасының меңгерушісі С.Қасенова, жетім балалар үйінің меңгерушісі З.Рахатқызы өз пікірлерін білдірді. 
Семинар соңында бірқатар азаматтар Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған мерекелік медалімен марапатталды.
 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: