Қазалыда «Агробизнес-2020» бағдарламасы талқыланды
Қазалы ауданында «Агробизнес – 2020» мемлекеттік бағдарламасын талқылауға арналған семинар болды. Бағдарлама осы салада көптен еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі мамандар мен өз істерін жетік меңгерген кәсіпкерлердің талқылауынан өтті. Ауыл еңбеккерлерінің кәсібін жаңа деңгейге көтеру үшін мұндай жобалар аса қажет-ақ.
Жалпы, агроөнеркәсіп кешені – ел экономикасының басты табыс көздерінің бірі. Бұл бағдарлама ауыл шаруашылығы жақсы дамыған АҚШ, Канада, Австралия сынды шетелдердегі озық тәжірибенің негізінде жасалған. Бағдарлама нәтижесінде 2020 жылға қарай ауыл шаруашлығы өнімдерін экспорттаудан түсетін қаржы көлемі 20 пайызға артпақ. Сондай-ақ, еңбек өнімділігі 3 есеге өсіп, азық-түліктің 80 пайызға жуығы өз жерімізде өндірілмек.