Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

«Сыр жиһазы» қажетті өнімдер дайындайды

Изтлеуов Рүстем ашқан «Сыр жиһазы» ЖК 2009 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Компания кеңсеге арналған, құрастырылатын, жұмсақ жиһаздар мен кереует, кресло, орындық, үстел, мектеп және медицина мекемелері, сұлулық салондары және т.б. тапсырыстары бойынша бұйым жасайды.
Сонымен қатар sir_zhihazi.kz «ZETA PLAST» ЖШС дилері болғандықтан, түрлі пластик бұйымдарды да сатады.
Жиһаз өндірісі үнемі дамып тұруды қажет ететін сала. Сәнді бұйым жасау үшін жоғары технологиялы жабдықтар қажет. Изтлеуов Рүстем Серікұлы бизнесіне инвестиция тарту мақсатында «First Heartland Jysan Bank» АҚ Қызылорда филиалынан несие алып, пайызын субсидиялаудың арқасында мөлшерлемені 6% ете алды. Кәсіпкер қажатқа өндіріске қажет жабдықтар сатып алмақ.
Қазақстанда жыл басынан бері кәсіпкерлерді қолдауға арналған «Қарапайым заттар экономикасы» (басымдық берілген саладағы жобаларды несиелеу) атты жаңа бағдарлама іске қосылған. Бұл бағдарлама бойынша өнеркәсіп орындары екінші деңгейлі банктерден алған несиесін жылына 9%-ға дейін субсидиялай алады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: