Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Арал колледждері "Аралтұзға" мамандар дайындайды

«Аралтұз» акционерлік қоғамының сұранысына сәйкес Арал көпсалалы колледжі мен Арал индустриалды-техникалық колледжінде жаңа мамандықтар ашылады. Осыған орай бүгін аталған екі оқу орнымен «Аралтұз» АҚ меморандумға қол қойды.

 

«Аралтұз» АҚ бүгінде 800-ге жуық жұмысшысы бар. Жұмыс ауқымының артуына және жаңа технологияны өндіріске енгізуге байланысты мұнда мамандар тапшылығы сезілуде. Жергілікті кадрларды осы салаға бейімдеу мақсатында аудандық колледжермен келісім жасалды. Меморандумға Аралтұз» АҚ президенті Айдынбек Тауасаров және Арал көпсалалы колледжінің директоры Ерлан Әлиев, Арал индустриалды-техникалық колледжінің директорының міндетін атқарушы Нұралы Әбішов қол қойды.
Осы келісім аясында «Электр станциялары мен желілерінің түрлері бойынша электр жабдықтары», «Автокөлікті жөндеу, пайдалану және қызмет көрсету», «электронды есептеу техникасы және бағдарламалық қамсыздандыру», «Ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу», «Токарлық іс және металл өңдеу», «Дәнекерлеу ісі», «Өнеркәсіп машиналары және жабдықтарын пайдалану» мамандықтары бойынша кадрлар дайындалатын болады. 
– «Кәсіптік білім беру мәселесін басты назарда ұстап отырмыз. Өзімізге қажетті мамандарды осылайша алдын-ала зерттеп, оны дайындап отыруымыз керек. Технология қарыштап дамып жатыр. Оның тілін меңгеруде өзгелерден қалыс қалмауымыз қажет. «Аралтұз» АҚ өнім көлемін алдағы жылдары еселеп артпақ. Сондықтан бұл саланың мамандарын көптеп дайындау құптарлық іс, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: