Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қазалы конфетіне сұраныс зор

Қазалы ауданындағы конфет шығаратын цехы бар жеке кәсіпкер Н.Қазбергенов өнім көлемін үш есеге арттыруды жоспарлап отыр. Цех басшысы бұл тұралы облыс әкімі Қ.Көшербаевтың Қазалы ауданындағы жұмыс сапары барысында мәлімдеді.

Қазалы конфетіне сұраныс зор

 

Қазіргі таңда цехта күніне конфеттің 4 түрінен 500 келі өнім шығады. «Соломка», «Барбарис», «Маусым», «Қазалы» ащы кәмпитіне бүгінде сұраныс жоғары. Дайын өнімдер Қызылорда мен Ақтөбе облыстарының тұрғындарына сатылуда. Өзге өңірлерденде сұраныс бар. Сондықтан цех басшылығы күніне 1000 кг өнім шығаратын аппарат алмақшы. Жаңа техниканы орнатылатын ғимарат құрылысын бастапта кеткен. Бұл жүзеге асқанда конфеттің оннан астам түрін шығаруға мүмкіндік туады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: