Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Шалқияда гидрометаллургиялық зауыт салынады

Шалқияда гидрометаллургиялық зауыт салынады«Шалқия» кенішіндегі қорғасын мырыш өндірісін «Самұрық Қазына» қорымен бірлесе игеру жұмыстары жүріп жатыр. Бүгінде кен байыту комбинатының базалық жобасын әзірлеу аяқталып, детальдық жобалау жұмыстары қолға алынды. Бұл туралы Қызылорда облыстық мәслихатының кезекті сессиясында айтылды.
Үстіміздегі жылдың мамыр айында «Самұрық Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеевтің іссапары аясында кәсіпорында қорғасын мен мырышты терең өңдеуге бейімдеу және соның негізінде гидрометаллургиялық зауыт құрылысын салу жөнінде шешім қабылданды. Бұл өз кезегінде металлопрокат алуға мүмкіндік беретін жобаның келесі сатысы болып табылады.
Сонымен қатар, «Молль» неміс компаниясы «Тау Кен Самұрық» Ұлттық компаниясымен осы аумақтағы қорғасынды пайдалана отырып аккумулятор зауытын салу жөнінде келіссөздер жүргізілуде.
Сонымен бірге, машина жасау және ферроқорытпа зауыттарының құрылысы жөніндегі жобалық құжаттар әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өтуге жіберілді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: