Абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары бойынша 2018 жылы барлығы 1 720,6 млн. теңге бөлініп, төмендегідей жұмыстар атқарылуда.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті атындағы паркін, Рәміздер алаңын көгалдандыру және күтіп ұстау жұмыстары, Сұлтан Бейбарыс көшесімен Жібек жолы көшесі бойындағы талдарды және көше бойларындағы қураған талдарды балақтау, химиялық улау жұмыстары, қаланың орталық көшелерін жасыл желектерді суару мақсатында ұңғымаларды күтіп ұстау жұмыстары, қала көшелеріндегі жарық бағаналарының астындағы декоративтік шарларды ауыстыру және балалар ойын алаңдарын күтіп ұстау жұмыстары, 2 дана аула ішілік ойын алаңдарын салу жұмыстары жүргізілді. Қала аумағындағы орналасқан 5 дана айналмалы жолдар (кольцевой) және денсаулық паркін абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.