Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДА ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРМЕН МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛАДЫ

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДА ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРМЕН МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛАДЫҚала әкімінің орынбасары А. Қайруллаев қаладағы ірі кәсіпорындар мен ұйым жетекшілерімен кездесіп, жұмысшыларды қысқартпай, жұмыс орындарын сақтап қалуға шақырды. 
"Елбасы Қазақстан халқына арнаған әрбір Жолдауында халықтың жұмыспен қамтылуын және олардың әлеуметтік қорғалуын, әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу мәселелеріне байланысты арнайы тоқталып, елдегі халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға баса назар аударып келеді. Әлемде орын алған қаржылық-экономикалық дағдарыс еліміздегі ірі кәсіпорындарына да өз әсерін тигізіп отырғаны белгілі. Осы ретте, кәсіпорын жетекшілері қызметкерлерін, жұмысшыларын қысқартпай, жұмыс орындарын сақтап қалуға тырысуы қажет",-деді А. Қайруллаев.
Кездесу барысында облыстық кәсіподақ ұйымының төрайымы С. Ильясова, облыстық еңбек саласын бақылау басқармасы басшысының орынбасары Ө. Хасенов, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы С. Дүйсенбаев сөз алып, еңбек саласындағы жаңалықтармен бөлісті. Жиын соңында қала әкімдігі мен жұмыс берушілер және кәсіподақ арасында Қызылорда қаласы бойынша әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі меморандумға отыру жөнінде өзара келісімге келді. Меморандумда жұмыс берушілердің жұмысшыларды қысқартпай, жұмыс орындарын сақтап қалу шаралары көзделген.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: