Қоғамдық көліктерге рейд бір айдан бері ұдайы ұйымдастырылуда. Жол сақшылары қала ішінде қатынайтын қоғамдық көліктерді жаппай тексеріп жатыр, деп хабарлайды kogamtv.kz.
Тәртіп сақшыларының айтуларынша, автобус жүргізушілері жеңіл көліктегілерге қарағанда ережені көп бұзады. Сондай-ақ, техникалық жағынан талаптарға сай келмейтіні тағы бар. Ал, заң да, тәртіп те, талап та – бәріне бірдей. Бұл жолғы рейд барысында "Арай" мөлтек ауданындағы №13 маршуттардың соңғы аялдамасына бардық. Алдымен жол сақшылары құжаттан бастап, егжей-тегжейлі тексеріп шықты. Мұнан соң, техникалық ақауларына мән берді. Толықтай талапқа сай келмейтін автобустарға тиісті хаттама толтырып шара көрілді. Тексеріс кезінде анықталғаны – жүргізушілердің бірінің құжаты қате, кейбірінің темір тұлпары тіпті техникалық тексеруден де өтпеген. Әсіресе, мектеп оқушыларын тасымалдайтын маршруттардың жолдағы қозғалысы қауіпті көрінеді. Сондықтан мұндай рейдттер алдағы уақыттары да диі жалғаспақ.