Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Аралда лаңкестікке қарсы оқу-жаттығу өткізілді

Аралда лаңкестікке қарсы оқу-жаттығу өткізілдіАрал қаласында терроризмге қарсы дайындықты пысықтау мақсатында арнайы құрылған жедел штабтың қатысуымен оқу-жаттығу жұмыстары өткізілді.
Алдымен жедел штабтың төрағасы Әділхан Салимов тактикалық жаттығу жұмысының жүргізілу тәртібін түсіндіріп өтті.
Лаңкестерге қарсы операция «Арал-Сарбұлақ» су құбыры мекемесінің базасында ұйымдастырылды. Шара барысында тұрғындар қауіпсіздігі қамтамасыз етіліп, жарылғыш заттар мен қару-жарақтар залалсыздандырылды. Оқу-жаттығуға жұмылдырылған арнайы жасақ лаңкестікке қарсы іс-әрекет етудің амал-тәсілдерін үйреніп, тәжірибелерін жетілдірді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: