Бүгін «Нұр Отан» партиясының мәжіліс залында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Үлкен ел – үлкен отбасы » жалпыұлттық жобасының мақсаты мен міндетін түсіндіруге бағытталған жиын болды.
Жиынға Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ –сі директорының орынбасары Рахима Ахметова, аталған мекеменің бас эксперті Шакизат Исабайқызы және «Қоғамдық келісім кеңесінің» төрағасы Нұрәлі Оспанов пен «Аналар кеңесінің» төрайымы Әлия Мукаримова сондай ақ аудандық қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері, аналар кеңесінің мүшелері, аудандағы өзге этнос өкілдерінің беделді және белсенді мүшелері қатысты. Жиын барысында «Қоғамдық келісім» КММ-нің Арал аудандық этнос аралық қатынастар жөніндегі сарапшысы Ербақыт Қалыбаев, «Қоғамдық келісім кеңесінің» төрағасы Нұралі Оспанов және «Жастар ресурстық орталығы» КММ Арал аудандық бөлімінің басшысы Әлібек Ізбасаров 2015 жыл Ассамблея жылында аудан көлемінде атқарылған жұмыстар төңірегінде баяндама жасады. Бұған қоса қатысушылардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, алда атқарылар жосапарлы жұмыстар сарапқа салынды.