Аудандық перзентхана бөлімінің жөндеу жұмыстарына мән берілді.
Осы мақсатта бөлінген 8 млн. 300 мың теңге қаржыға жоғарғы қабаттағы 3 босану бөлмесі, ота жасау блогы, отадан кейінгі бөлме 1-ші қабатқа көшіріліп, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай қабырғалары қайта сыланған.
Кафельмен қаптау жұмыстары жүргізіліп, төменгі қабаттың есік-терезелері пластик материалдарынан қайта орнатылды. Арнайы емдеу-сауықтыру бөлмелері, жарықтандыру жүйесі, әктеу-сырлау жұмыстары атқарылды. Бөлім ауласына асфальт төселіп, тегістелді. Салқын және жылы су келетін су жүйесі мен сыртқы жылу жүйесі жаңадан ауыстырылды. Электр жарығы жаңадан жүргізіліп, ғимараттың жертөлесіне дезинфекциялау жұмыстары жасалды.